Жаңа мешітте қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)
06 мамыр 2021
3593
0
Оқу режимі
Алматы облысы Талғар ауданынан жаңадан ашылған Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітінде қайырымдылық керуені өтті. Іс-шараға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» Алматы аймағы өкілдігі ұйымдастырған «Берекелі Рамазан керуені» қайырымдылық марафоны аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік пакеттері берілді. Сондай-ақ, Бас мүфти атынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арба сыйланды.
Наурызбай қажы Тағанұлы қуанышқа кенелген жандар мен осы қайырымдылық шарасына мұрындық болған азаматтарға ризашылық білдірді.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру