«ЖАСТАР ІСІ» СЕКТОРЫ «ПЕЙІШ» ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)

28 наурыз 2024 1596 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы өкілдігі «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен елордалық белсенді жастар қырғыз режиссері Руслан Акун таспалаған «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» фильмін тамашалап қайтты.

Ана мен баланың қажылыққа жасаған сапарын бейнелейтін көркем туынды өзінің ерекше және әсерлі эпизодтарымен еріксіз жүректерді әсерлендіреді. Қалың бұқараны әсіресе, жастар қауымын имандылыққа баулитын фильм көпшіліктің ыстық ықыласына бөленуде.

Тәрбиелік мәні аса зор фильм бауырлас елдердің адамсүйгіштік қасиетін де көрсеткен. Сонымен қоса саяси құрдымға айналған елдердің күйреу салдарын да сипаттап өткен.

Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Мысыр және Сауд Арабиясында түсірілген фильмді қазақ тілінен бөлек, өзбек, орыс және араб тілдеріне аудару жоспарда тұр.

 

Пікірлер Кіру