«Жібек» клубының демеушілігімен 10 отбасыға көмек көрсетілді (ФОТО)

04 наурыз 2019 6229 0
Оқу режимі

«Нұр Астана» мешітінде өткен «Мейірімділік мекені» акциясы аясында Астана қаласындағы 10 мұқтаж  отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. «Жібек» қыз-келіншектер клубының демеушілігімен 6 көп балалы отбасы мен 4 жалғызбасты анаға азық-түлікпен жәрдем берілді.

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева жетекшілік ететін «Жібек» қыз-келіншектер клубы бірнеше бағытта жұмыс істейді. Соның бірі – қайырымдылық. Ақпанның 22-де клуб мүшелерінің атсалысуымен өткен қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа алынған азық-түліктің жалпы сомасы 57 000 теңге.

Айта кетейік, «Нұр Астана» мешітінде «Мейірімділік мекені» акциясы жыл бойы жүргізіледі. Акция аясында есімдерінің аталуын қаламаған игі жандардың демеушілігімен осыған дейін де көптеген шаңырақ қуанышқа бөленді. Сауапты іске мұрындық болғысы келген әрбір жан аталмыш акцияға қатыса алады.

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру