«Жібек» қыз-келіншектер клубы мастер-класс ұйымдастырды (ФОТО)

28 наурыз 2019 7778 0
Оқу режимі

Елордамыздағы «Нұр Астана» мешітінде «Жібек» қыз-келіншектер клубы әйел жамағатына «Дене және бет күтімі» жайында мастер-класс өткізді. Діни сауат ашу курстарына келетін әйел шәкірттердің басын қосып, түрлі шараларға  ұйытқы болып жүрген «Жібек» қыз-келіншектер клубы бұл жолы әйел адамның өзін күтінуі жайында мастер-класс ұйымдастырды.

Мастер-классты дене және бет күтіміндегі плазмалық және аппараттық косметология маманы Айнұр Тұрсынбекқызы жүргізді. «Жібек» клубының жетекшісі, «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева қонақты жамағатқа таныстыру барысында күнімізде әйел адамның жан-жақты сауатты әрі көзі ашық болуы керектігі жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, өзін дұрыс күтіне білудің ана денсаулығы үшін маңызды екенін атап өтті. 

1

1

1

1

1

1

1

 

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру