ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2022: 1 ЖЫЛДА 9 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ УАҒЫЗ ТЫҢДАДЫ

30 желтоқсан 2022 2465 0
Оқу режимі

2022 жылы онлайн және офлайн форматта 280 470 уағыз-насихат айтылып, оны 9 606 349 адам тыңдады. Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров баяндады.

«2022 жылы еліміздің мешіттерінде 104 126 бесін уағызы, 149 477 ақшам уағызы айтылды. 1961 уағыз-насихат орыс тілінде айтылса, 20491 уағыз-дәрістер онлайн форматта жүргізілді. Бөлім қызметкерлері 52 жұма уағызы мен құтпасын әзірледі. РАНТ мүшелерінің жамағатпен 733, ал ЖАНТ мүшелерімен 5 596 кездесуі өтті» деді Батыржан Берденұлы.

Уағыз-насихат бөліміне қарасты Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен насихат бағытында 3141, қоғамдық бағытта 2184, сауаттылық бағытында 2640 және спорт бағытында 1655 іс-шара өтті. Жалпы саны 9680 шара атқарылып, 200 мыңдай адам қамтылды.

Ал Әйел-қыздар секторы 65 417 шара ұйымдастырып, оған 353 255 адам қатысты. Тарқатып айтсақ, оқу-ағарту бағытында 55 211 дәріс ұйымдастырылса, қайырымдылық бағытында 2827 шара жүзеге асырылып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек берілді. Уағыз-насихат бағытында 4704, ал қоғамдық және мәдени бағыт бойынша әйел жамағатының қатысуымен 2675 шара атқарылды. 

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру