ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2022: БИЫЛ 77 МЕШІТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

31 желтоқсан 2022 1426 0
Оқу режимі

Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев баяндады.

«Бүгінгі таңда ҚМДБ-ға филиал болып тіркелген 2752 мешіт бар. Оның 20-сы – облыстық, аймақтық орталық мешіт, 418-і – қалалық мешіт, 173-і – аудандық мешіт және 2141-сі – ауылдық мешіт» деді Марат Жаппасбаев. Сондай-ақ еліміз бойынша жалпы 447 намазхана бар.

Айта кетейік, бүгінде Діни басқармаға қарасты 2752 мешіт пен 447 намазхана Google, Яндекс секілді электронды карталарға орналастырылып, мешіт атауымен бірге қойылды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру