ЗИРАТ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

21 мамыр 2024 560 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов пен Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев және Астана қаласы діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Әзімханұлы қаладағы қабірлердің басына барып, зираттардың тазалық жағын көз елегінен өткізді.

«Таза Қазақстан» жобасы аясында зират тазалығына мән беру, табиғат пен қоршаған ортаны таза ұстау мәселелері бойынша әңгімелесіп, өзараға пікірлер алмасты.

Айта кетсек, ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы және Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен жыл сайын қаладағы зираттарға кең көлемде сенбілік өтіп, тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді.

2 адам кескіні болуы мүмкін

2 адам және ескерткіш кескіні болуы мүмкін

4 адам және ескерткіш кескіні болуы мүмкін

4 адам және ескерткіш кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру