Ақ шашты жұлуға бола ма?
09 желтоқсан 2020
10046
0
Оқу режимі
Ассаламу алейкум! Ақ шашты немесе сақалдың ағын жұлуға бола ма? Бұл жөнінде шариғатта не айтылған?
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Амр бин Шұғба (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Ақ шашты жұлмаңдар, өйткені, ол – мұсылманның нұры. Қайсыбір мұсылман Исламды орындай жүріп, шашына бір тал ақ түссе, оған сауап жазылып, бір дәрежеге көтеріліп, бір күнәсі кешіріледі», – делінген.
Ал, Әнас бин Малик (р.а.) баян еткен бір хадисте: «Кісінің шашынан және сақалынан ақ шашты жұлуы – макрух», – деп айтылады.
Түйіндей айтқанда, шаш пен сақалдағы ақ тал шашты жұлуға болмайды. Ал, хна сияқты табиғи бояулармен түсін өзгертуге рұқсат етіледі.
Пікірлер
Кіру