Сауда орны үшін зекет қалай беріледі?

16 наурыз 2021 8643 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Менің базарда бірнеше сауда нүктем бар. Зекет беруім парыз екенін білемін. «40 қойдан 1 қой» дегендей, сауда нүктесі бар мен сияқты азаматтар зекетті қалай беруі керек?


Жауап

Уа алейкум ассалам! Дүние-мүліктің зекетін беру – Исламның бес парызының бірі. Табыстың зекетін берудің бірнеше шарты бар[1]

1. Табыстың нисап мөлшеріне жетуі. Хадисте: «200 дирһамнан төмен қаражаттан садақа (зекет) берілмейді[2]». Ал, нисап мөлшері – 85грамм алтын құнын құрайды;

2. Мүліктің қолда болуы және негізгі қажеттілік пен қарыздан тыс қаражат болуы[3];

3. Қолдағы нисап мөлшеріндегі қаржы ай есебімен бір жыл айналуы.

Дүкендегі тауар және қолдағы қаражат нисап мөлшерін құрап тұрса және жоғарыдағы шарттар толық орындалса, барлық шығындарды есептен шығарып, таза табыстың 2,5%[4] зекет ретінде береді. Міне, бұл 40/1 болып табылады.

Ескере кететін жайт, зекетті есептегенде үй-жай, жиһаз, киім-кешек және көлік қисапқа қосылмайды.

Руслан Камбаров


[1] Майдани, «Лубәб», 144-бет
[2] Әбу Дауд, Тирмизи, Насаи, Ибн Мажа
[3] Абдулла бин Махмуд Маусили, «Ихтияр», 1-2 бөлім, 149-бет
[4] Майдани, «Лубәб», 152-бет

 

Пікірлер Кіру