Оразаның дәрежелері бар ма?

27 сәуір 2021 8100 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Ораза тұтушы адамдардың барлығының сауабы бірдей ме әлде айырмашылық бола ма? Мұндай сауал қойуыма «жаман сөз бен әрекеттен тыйылмағанның шөлдеп аш жүргені Құдайға керек емес» деген мағынадағы хадис түрткі болды.  


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Иә, оразаның да қалай ұсталғанына байланысты бірнеше дәрежесі бар. Мысалы, кей адамдар тек сусын ішуден және тамақтанудан ғана тыйылады. Бұл – оразаның ең төменгі дәрежесі. Ал, екінші топтағы адамдар – ішіп-жеуден бөлек, жаман әрекет пен жаман сөзден тиылатындар. Бұл – әуелгіден жоғарырақ тұратын дәреже. Ал, ең жақсысы – ас пен судан, жағымсыз іс-әрекет, жаман сөздерден тыйылумен қатар, жүректері құмарлыққа және санасы жаман ойға жол бермейтіндер оразасы. Бұл – оразаның ең жоғары сатысы.

Имам Ғазали да өз еңбегінде оразаны осы тәріздес үш дәрежеге бөледі:

1. Жалпының оразасы. Қарын мен жыныс мүшені ас және құмарлықтан тыю;

2. Арнайылардың оразасы. Құлақ, көз, тіл, қол, аяқ және басқа да мүшелерін күнәдан тыю;

3. Арнайының арнайысы. Ол – жүректі дүние уайымы мен дүниелік тіршіліктен тыю.  Былайша айтқанда, жүректі Аллаға зікір етуден басқа нәрседен тыю.

Руслан Камбаров

Пікірлер Кіру