Нәрестенің таңдайына не тигізу керек?

16 қыркүйек 2022 5890 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Сүннет бойынша жаңа туған нәрестеге «тахник» жасау керек дейді. Ол не нәрсе және қалай жасалады?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Менің ұлым туылып, Пайғамбарға (с.ғ.с.) алып бардым. Пайғамбар (с.ғ.с.) балама Ибраһим деп ат қойып, таңдайын (тахник жасады) құрмамен сүртті де дұға жасап, маған қайтып берді».

Тахник – нәрестенің таңдайына жақсылап шайналған немесе езілген құрманы сүрту. Тахник – мұстахаб амал. Құрма болмаса басқа от тимеген тәттілік қолдануға болады. Бірақ араның балы абзал. Имам Науауи: «Сүннет бойынша туылған нәрестенің таңдайына жақсы шайналған құрманы сүрту. Баланың аузын ашып шамалы құрма ішіне кеткені дұрыс».

Қысқаша айтқанда, тахник – нәрестенің таңдайына құрма тигізу. Бұл – Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қалған сауапты амал.

Пікірлер Кіру