Әкенің арам табысын баласы пайдаланса, күнә бола ма?

06 қараша 2018 13620 0
Оқу режимі

Әссәләмуғалейкум! Балиғат жасына толмаған немесе өзінің ақша табуға мүмкіндігі жоқ балалар ата-анасының берген ақшасын жұмсайды. Ал, сол ата-анасының табатын ақшасы халал жолмен табылмаған болса (мысалы, пара алу, арақ-шарап сату, т.б.), не істеу керек? Ол ақшаға алынған тамақты балаларының жеуінің, берген ақшасын жұмсауының үкімі қандай болады? Баланың өз ата-анасының берген ақшасының халал-харамдығын біліп-білмеуі үкімді өзгертеді ме? Анық харам екендігін білген жағдайда не істейді? Осы мәселе, тек күйеуі ғана табыс табатын әйел адам үшін қалай болады? Шынар


Жауап

Уағалейкум ассәләм! Қадірменді Шынар, Жаратушы Иеміз Құран Кәрімде: «...Аналарды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету әкенің мойнына жүктелген...»[1], - деп бұйырады. Осы аятқа қарағанда, отбасының нәпақасын қамтамасыз ету әкеге міндет. Әйел кісі үйдің отын тұтатып, балаларды бағып-қағумен күні өтетіндіктен, көбіне отағасының қолына қарауға мәжбүр. Дәл сол секілді өзін-өзі қамтамасыз ететін жасқа жетпеген балалары да әкесінің тапқан дүниесімен күнелтеді. Сол себептен, алда-жалда отағасының тапқан табысы адалдан болмай жатса, әйелі мен балаларының одан пайдаланулары күнә емес. Күнә - харам табыс әкелген әкеге болмақ. Бұл жайында Ханафи ғалымдары былай деген:

Күйеуінің таза емес табысымен алынған азық-түлікті жеп-ішу, киім-кешекті кию әйел үшін күнә емес. Күнә - (харам табыс соңында жүрген) күйеуіне болмақ[2].    

[1] Бақара сүресі, 233-аят.
[2] Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар: Китабул Хазр уәл Ибаха, Бәбул Истибра уә ғайриһ. 9/554 бет.

Пікірлер Кіру