7279 0
Оқу режимі
Сәуір жаңбырының пайдалары. Жыланның уы, балықтың інжуі, тіпті бал арасының балы да осы жаңбыр суынан пайда болады. Сәуір жаңбыры қиыншылықтарға кеңшілік, дерттерге дауа, ауруларға шипа су. Сулардың ішіндегі ең таза су – сәуір жаңбыры. Сәуір жаңбырымен ұйытылған айран жақсы болады. (тәжрибесі жасалған).Сәуір жаңбырында суланған киім шірімейді, шаштар төгілмейді, әсіресе оқылған сәуір жаңбыры Алланың рұқсатымен қояншық ауруына шипа болады, психологиялық ауруларға дауа, тән ауруларына қарсы көп пайдалы. «Тіпті баласы болмай жүргендер ішсе, Алланың рұқсатымен балалы болады» деп айтылған. Хз. Әбус Суғуд (р.һ.) былай дейді: «Бұл суды ішкен кісінің барлық ауруларына пайдасы бар.МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ: Сәуір жаңбырын алу тәсілі; ыдыс биік жерге қойылады. Жаңбыр тіке ыдысқа түсуі керек. Жылғадан аққан су жарамайды. Қазіргі уақытта ауа лас болғандықтан алғашқы жаңбырды емес екінші немесе үшінші жауған жаңбырды алған жөн. Ауадағы ластық тазаланған болуы керек. Сосын суды алғасын сүзіп алып, қолданады. Әр жылы сәуір айының (Руми күнтізбесі бойынша) 17-і Алла Тарапынан ағаштар мен шөптерге тұқымдар төгіледі. Бұлардың барлығы ғажайып сырлар. Міне, Алла Тағаланың жаратылыстағы Жарату құдіретінде біз білмейтін көптеген сырлар мен хикметтер бар. Хз. Пайғамбарымыз бір хадис шәріпінде былай дейді: «Жәбірәйіл (а.с.) маған сондай керемет дәрі үйреткені (соншалық ол дәрінің арқасында) емшілердің дәрісіне мұқтаждық қалмайды». Сахабалар: «(Ол дәріні) бізге де үйрет уа, Алланың пайғамбары!» деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сәуір жаңбырын жинаңдар. Оған 70-рет Фатиха сүресін, 70 рет Ыхлас сүресін, 70 рет Фалақ сүресін, 70 рет Нас сүресін, 70 рет тәсбих дұғасын (Субханаллаһи уалхамдулилләһи) оқып, 7 күн үзбей таңертең және кешке бір стакан ішіңіздер. Мені хақ пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант етейін Жәбірәйіл (а.с.) маған былай деді: «Бұл суды ішкен кісінің денесінен, тамырынан, сіңірінен, еттерінен ол кісіге қиыншылық берген ауруларын Алла Тағала кетіреді. Ол кісіге денсаулық пен амандық береді». Тағы бір хадис шәріпте былай делінген: «Мені хақ Пайғамбар қылып жіберген Алла Тағалаға ант етейін баласы болмаған ер осы судан әйеліне ішкізсе Алланың рұқсатымен әйелі жүкті болады. Басы ауырған әйелі болған ер әйеліне осы судан ішкізсе, осы су (оның жазылуы үшін) жеткілікті. Ішкен кісінің қақырығын кетіреді. Жел оған зиян бермейді. Жаман жағдайлар оған жоламайды. Бел ауруынан, қарын ауруынан еш арызы қалмайды. Алапес ауруынан қорықпайды, көкірек ауырына душар болмайды, жүрегіне келген уәсуәсә шығып кетеді. Менмендік, қызғаншақтық, тәкәппарлық, дұшпандық, ғайбат, сөз тасушылық (сияқты рухани аурулардың барлығы) дүниедегі барлық өткінші болғандар үшін Алла Тағаланың рұқсатымен пайдалы болады». Тәфсир әл-Кәбир, Фахриддин Рази (р.һ.). Сәуір жаңбырының жиналатын күндері Руми күнтізбесі бойынша Сәуір айының 7сінен бастап, ай соңына дейін. Биыл миләди жыл санауы бойынша Сәуір айының 20нан бастап, Мамыр айының 13не дейін. Осы қаншалықты рас. Амал етуге бола ма. Хадистер қай санатқа жатады

Жауап

Автор: Умму Ахмад

Пікірлер Кіру