Марқұмды сүюге бола ма?
09 қаңтар 2020
8219
0
Оқу режимі
Ассаламу алейкум! Ел арасында қайтыс болған марқұммен қоштасу үрдісі бар. Сол кезде, марқұмды сүюге бола ма? Әлде, бұған рұқсат жоқ па?
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Иә, марқұмның бетінен және маңдайынан сүюге болады. Бұған негіз: «Қайтыс болған Осман бин Мазғұнды сүйді және Пайғамбар (с.ғ.с.) жылап тұрған еді»[1] және «Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарды (с.ғ.с.) қайтыс болған соң (маңдайынан) сүйді»[2] деген хадистер. Бұл екі хадисті де Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен.
Осы мағыналас хадистерге сүйене отырып, имам Нәуаи: «Марқұмның бетінен етжақын туыстары мен жора-жолдастарының сүюіне рұқсат етіледі», – деген.
Пікірлер
Кіру