Шарапты шипа үшін ішуге бола ма?

17 қыркүйек 2020 8412 0
Оқу режимі

Ассаламу алайкум! Қан көбейту мақсатында шарап (вино) ішсе бола ма? Той-томалақта шарап қан көбейтеді деп ішкізіп жатқан адамдарды көремін. Бұл шариғатта дұрыс па? Рахмет. Данияр


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Әрине, арақ-шарап адамға және оның денсаулығына пайдалы болса харам етілмес еді. Ал, харам адамға ешуақытта шипа болмайды. Хадисте: «Ақиқатында, Алла ауру мен дертті жіберді. Сондай-ақ, әрбір дертке дауа-шипа берді. Ем іздеңдер және емделіңдер. Бірақ, хараммен емделмеңдер»[1], - делінген.

Шарап та харам боп табылады. Сусын және емдік ретінде ішуге қатаң тыйым салынады. Пайғамбардан (с.ғ.с.) Тариқ бин Суайд арақ жайлы сұрағанда, тыйым екенін айтты. Сонда ол: «Біз онымен емделеміз және емдейміз», - дейді. Алла елшісі (с.ғ.с.) оған: «Расында, ол (арақ-шарап) – дерт, шипа емес»[2], - деп жауап берді.

Ал, қанды көбейту үшін жеміс-жидек, ет тағамдарын және балық көп жеңіз.

 


[1] Муслим, Ибн Хиббан
[2] Ахмед, Муслим, Әбу Дауд, Ибн Мажа

Пікірлер Кіру