Битенов Ерлан Базарбайұлы

Аты-жөні:
Битенов Ерлан Базарбайұлы

Қызметі:
Азаншы

 

1989 жылы 29-сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Шардара ауылында дүниеге келген. Үйленген, бір баласы бар.

 

БІЛІМІ ЖОЛЫ:

* 1995-2006 жылдары Шардара ауылындағы Абылай Әлімбетов атындағы орта мектебін бітірген.

* 2006-2010 жылдары Шымкент қаласындағы «Отырар» университетінің дінтану мамандығын тәмамдаған.

* 2009-2011 жж. «Отырар» университетінде Құран курсын тәмамдап, қари атанады.

* 2014-2015 жж. Түркияның Стамбул қаласында Құран курсын бітірген.

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

* 2010-2011 жылдары «Шымкент медресесінің» мешітінде имамдық қызмет атқарған.

* 2011-2013 жылдары Алматы облысы, Ұзынағаш ауданы, Қарғалы ауылындағы «Яссауи» оқу орталығында араб тілі және Құран әліппесінен ұстаздық еткен.

* 2013-2014 жылдары Алматы қаласы, Түрксіб аудандық «Ферали-Ферғанаұлы» мешітінде азаншы болып қызмет еткен.+

* 2016 жылдың 19-қаңтарынан бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы қызметін атқарып келеді.

азаншы