Исмайлов Тазабек Арапұлы

Аты-жөні:
Исмайлов Тазабек Арапұлы

Қызметі:
Азаншы

 

1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданында дүниеге келген.

БІЛІМІ:

* 1986-1997 жылдары Келес ауданындағы «Игілік» орта мектебінде білім алған.

* 1997-2000 жылдары Шымкент қаласындағы «Өтес батыр» медресесінде діни тәлім алған.

* 2003-2005 жылдары Шымкент қаласындағы Халықаралық Гуманитарлық техникалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

* 1999-2001 жылдары «Өтес батыр» медресесінде Құран және тарих пәндерінің оқытушысы болып қызмет еткен.

* 2001-2005 жылдары «Игілік» орта мектебінде араб тілі, дінтану, әдеп пәндерінен ұстаздық еткен.

* 2005-2006 жж. Астана қалалық «Нұр Астана» мешітінің кезекші молдасы қызметін атқарған.

* 2006-2011 жылдары Астана қаласындағы «Шұбар» мешітінің азаншысы қызметін атқарған.

* 2011-2016 жылдары Астана қалалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде кезекші молда, 2016 жылдың 19-қаңтарынан бастап азаншы қызметін атқарып келеді.

азаншы