Бектазинов Марат Дәлелханұлы

Бектазинов Марат Дәлелханұлы 1982 жылы 25-мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген.

Бірінші наиб имам

БІЛІМІ:

1997-2000 жылдары Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжінде тәмамдаған.

2014-2016 жылдары«Нұр Мүбәрак» Египет Ислам университетінде білім алған.

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

 

  • 2000-2003 жылдары Аягөз қалалық қазақ лицейінің араб тілі және дін тарихы пәндерінің оқытушысы;
  • 2003-2005 жылдары Аягөз қалалық орталық мешітінің ұстазы;
  • 2006-2009 жылдары Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №1 «Кәусар» интернаты директорының орынбасары;
  • 2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық Орталық мешітінің ұстазы;
  • 2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық «5 канал» телеарнасындағы «Ислам: сауалдар мен жауаптар» бағдарламасының діни редакторы және жүргізушісі;
  • 2011-2013 жылдар қажылық компаниясының менеджері;
  • 2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің маманы;
  • 2013-2016 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы;
  • 2014-2016 жылдары «Астана медресесі» директорының бірінші орынбасары;
  • 2016-2018 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы;
  • 2018-2019 жылдары Астана қаласы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары;
  • 2019 жылдың мамыр айынан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы қызметін атқарып келеді.