Мұратбек Қыстаубаев
Білімі:
2000-2005 жылдары Қ.А. Яссауи атындағы гуманитарлық институтының «Дінтану» факультетін тәмамдаған.
2005-2007 жылдары Египет Араб Республикасындағы білім жетілдіру курсынан өткен.
2006-2007 жылдары Египет Араб Республикасы Білім департаментіне қарасты лингвистикалық «Ніл» орталығының араб тілі курсын тәмамдаған.
2007-2009 жылдары Египет Араб Республикасындағы «әл-Азхар Ислам институты» жанындағы колледжін бітірген.
2009-2013 жылдары Египет Араб Республикасы әл-Азхар Ислам университетінің «Шариғат» факультетін бітірген.
2020-2022 жылдары Әлихан Бөкейхан университетінің Тарих ғылымдары бойынша магистры атанды.
Сертификаттары:
2006-2007 жылдары Египет Араб Республикасы Білім департаментіне қарасты лингвистикалық «Ніл» орталығының «Араб тілі бөлімі» бойынша сертификат алған.
2014 жылы мамыр айының 20-27 аралығында Астана қаласында орыс тілді имамдар семинарына қатысты.
2014 жылы желтоқсан айының 7-17 аралығында Москва қаласында орыс тілді имамдар семинарына қатысты.
2017 жылдың 31 шілде - 12 тамыз аралығында Астана қаласында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа форматтағы педагогі» тақырыбында оқытушылардың біліктілігін арттыру семинарына қатысты.
2018 жылдың 23-28 сәуір аралығында Астана қаласында «Қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі» атты семинарға қатысты.
2018 жылдың 28-29 қараша аралығында Астана қаласында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау» атты республикалық оқыту курсына қатысты.
2020 жылдың 6-18 шілде аралығында Астана қаласында «Рухани білім саласында менеджмент және басқару» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Еңбек жолы:
2013-2019 жылдары ҚМДБ-ның филиалы «Орал облыстық орталық мешітінің» наиб имамы қызметін атқарды.
2014-2021 жылдары Орал қалалық әкімшілігінің мәдениет бөліміне қарасты «Мәдени-ағарту бірлестігі» мемлекеттік мекемесінің дінтанушы әдіскері қызметін атқарды.
2015-2018 жылдары Орал медресе-колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2018-2021 жылдары БҚО Ішкі Істер Департаменті «Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының» теологы қызметін атқарды.
2019-2021 жылдары ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі, Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы және «Орал» медресесінің директоры қызметін атқарды.
2021-2024 жылдары Астана қаласы дін істері басқармасына қарасты «Діндерді зерттеу орталығының» теолог маманы.
2022-2024 жылдары «Әзірет-Сұлтан» мешітінің наиб-имамы қызметін атқарды.
2024-2025 жылдары Астана қаласы «Әлжан Ана» мешітінің бас имамы қызметін атқарды.
2025 жылы «Қамқор-Астана» қоғамдық қорының теологы қызметін атқарды.
2025 жылдың мамыр айынан бастап «Әзірет-Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқаруда.
Марапаттары:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №387 Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгісімен;
БҚО әкімінің Құрмет грамотасымен;
Орал қаласы әкімінің алғыс хаттарымен;
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, 2 ұл, 1 қызы бар.