РАМАЗАНОВ НҰРЛАН БЕКБОЛАТҰЛЫ

Аты-жөні:
Рамазанов Нұрлан Бекболатұлы

Қызметі:
Наиб имам

 

1985 жылы  14-қазанда Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген. Жанұялы, 2 баласы бар.

БІЛІМІ:

2000-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Даруль-арқам» Құран жаттау қарилық медресесінде оқыған.

2003-2005 жылдары Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжінде білім алған.

2005-2009 жылдары «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» факультетін тамамдаған.

Сирия Дамаск қаласындағы «Фатхул ислам» институтының курсында; Египет астанасы Кайр қаласындағы «Әл-Әзһар» университетіне қарасты  имамдардың білім жетілдіру курсында; «Нил» араб тілі орталығында; Египет Александрия қаласында Уақыф және Ислам істері министірлігіне қарасты «Әбу Бәкір Сыддық» орталықтарында діни білімін жетілдірген.+

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

2009-2011 жылдары Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы;

2011-2013 жылдары Атырау облысы, Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы;

2013-2014 жылдары Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы;

2014-2017 жылдары «Нұр Астана» Орталық мешітінің найб имамы қызметтерін атқарған.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметінде.

Наиб имам