Исмаилов Олжас Бақытұлы

1989 жылы 16 ақпан Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген. Үйленген, 1 баласы бар.

БІЛІМІ:

2009-2013 жылдары Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» университетінің «Исламтану» мамандығын тамамдаған.
2013-2015 жылдары «Нұр-Мүбарак» университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистрлік дисстертация қорғаған.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

2015 жылы Мысыр (Египет) елінің Каир және Танта қалаларында ғылыми зерттеу тәжірибесін өткен.
2013-2015 жылдары Жезқазған қаласы «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде наиб имам болып жасаған.
2015-2016 жылдары Сәтбаев қаласында «Дін мәселесін зерттеу орталығында» теолог қызметін атқарған.
2016-2017 жылдары Жезқазған қаласында «Конфессия аралық қарым-қатынастарды зерттеу және талдау орталығында» теолог болып жұмыс істеген.
2016 жылы Жезқазған қаласы «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде ұстаз қызметін атқарған.
2018-2020 жылдары Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» университетінде оқытушы болып қызмет жасаған.
2022 жылдың 27 қыркүйегінен бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы.