Ахмет Ғазиз Нұртайұлы

Аты-жөні:

Ахмет Ғазиз Нұртайұлы

Қызметі:
Наиб имам

 

1984 жылы 6-ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Үйленген, бір ұлы және бір қызы бар.

 

БІЛІМ ЖОЛЫ:

* 1991-2001 жылдары Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепті тәмамдаған.

* 2001 жылы Түркістан қаласындағы Қазақ-араб университетінің дайындық курсынан өткен.

* 2002-2006 жылдары Қазақ-араб (Отырар) университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша білім алған.

* 2007-2010 жылдары Түркиядағы Селжук университетінің «Ислам мәзһабтары тарихы» саласы бойынша магистрант дәрежесін алып шыққан.

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

* 2010 жылы Астана қаласындағы Ислам орталығында ұстаздық қызмет етеді.

* 2010-2012 жылы Астана қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінде Бас имам болып қызмет атқарады.

* 2012 жылы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметіне кіріседі.

* 2015 жылдың қазан айынан бастап Тараз қаласының Бас имамы болып қызмет атқарады.

* 2017 жылы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне наиб имам болып қайта тағайындалды.

* Астана қалалық «Жергілікті түсіндіру тобының» (ЖТТ) мүшесі.

наиб имам