Қайырғалиев Мақсатбек Мақсотұлы

Аты-жөні:
Қайырғалиев Мақсатбек Мақсотұлы

Қызметі:
Ұстаз

 

1982 жылы 19-қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

БІЛІМІ:

* 1988-1999 жылдары Алматы қаласындағы №147 мектеп-гимназиясын бітірген.

* 1999-2003 жылдары Алматы қаласындағы Экономика және құқық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша «үздік» белгісімен тәмамдаған.

* 2003-2009 жылдары Пәкістан Ислам Респуликасы, Карачи қаласындағы Халықаралық «Даруль Улум» университетін шариғат және араб тілі мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

* 2014-2016 жылдары Астана қаласындағы Е.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

* 2010-2012 жылдары Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресесінің ұстазы және Алматы Орталық мешітінің Azan.kz ресми порталының сарапшы маманы болып қызмет атқарған.

* 2012 жылдан бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы және Muslim.kz ақпараттық, рухани-ағарту порталының орыс бөлімі редакторы қызметтерін атқарып келеді.

ұстаз