Сманов Дінмұхаммед

Аты-жөні:
Сманов Дінмұхаммед

Қызметі:
Ұстаз

 

1985 жылы 19-қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Үйленген, 3 қыз, 1 ұлы бар.

БІЛІМІ:

  • 1991-2002 жылдары Ынтымақ ауылындағы С.Майлықожа атындағы орта мектепте білім алған.
  • 2003-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Сұлтанқорған мешітінің Құран Кәрім курсын тәмамдаған.
  • 2007-2009 жылдары Сауд Арабиясы корольдігіндегі Араб тілі институтында білім алған.
  • 2009-2013 жылдары Сауд Арабиясы корольдігіндегі «Ислам» университетінің Шариғат факультетін үздік дәрежемен аяқтаған.
  • 2015-2017 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Дінтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін қорғаған.


ҚЫЗМЕТІ:

  • 2015-2017 жылдары «Науан хазрет» атындағы Көкшетау Орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.
  • 2015 жылдан бері Ақпараттық-насихат тобының мүшесі.
  • 2017 жылдың наурыз айынан бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы.

Астана қалалық «Жергілікті түсіндіру тобының» (ЖТТ) мүшесі.