70 жастағы зейнеткер мешітте атыс ұйымдастырмақ болған

19 қыркүйек 2018 6034 0
Оқу режимі

АҚШ соты 70 жастағы зейнеткерді 5 жылға бас бостандығынан айырып, бұған қоса екі жылға шартты түрде соттап отыр. Бернардино Болатете есімді қарияның мұндай жазаға ұшырауына оның қаскөй пиғылы себеп болған. Қартайған шағында қарулы шабуыл жасауға бел байлаған Болатетенің жоспарын ФБР жансызы анықтап, дер кезінде тоқтатқан.

Ол Джексонвилль қаласындағы мешітте жұма күні қантөгіс жасамақ болған. Арам пиғылын жүзеге асыру үшін Болатете ФБР жансызын тапаншаның дыбыс бәсеңдеткішін сатуға үгіттеген екен. Тінту барысында оның үйінен 11 түрлі қару түрі мен 2000-нан астам оқ-дәрі табылған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру