Ақжолтай ақпарат: Жұма уағызын on-line трансляциядан тыңдауға болады

20 қыркүйек 2018 7049 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Al Saqr Finance Компаниясы «Уақып» қорының қолдауымен жаңа жобаны іске қосты.

Енді жұма уағызын on-line трансляцияда тыңдауға болады. Трансляция әр жұмада Астана қаласындағы «Әзірет сұлтан» мешітінен жүргізілмек.

Тағы бір айта кетерлік жаңалық, жұма уағызы қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне синхронды түрде бірден аударылып отыратын болады. Бұл жоба қай өлкеде болсаңыз да, жұма уағызын тыңдай алу мүмкіндігін берумен қатар жұма уағызының орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімділігін арттырмақ.  

Оn-line трансляциға қосылу үшін www.alsaqr.kz сайтына кіріп, "play" батырмасын басқаннан соң өзіңізге қолайлы тілді таңдау қажет. Уағыз тыңдау үшін қолыңызда интернетке қосылған ұялы телефон мен құлаққап болса жеткілікті.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру