«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма уағызы үш тілде онлайн таратылды (ФОТО+ВИДЕО)

21 қыркүйек 2018 9806 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма уағызы онлайн трансляция арқылы үш тілде бірден таратылды. Бұрынырақ хабарлағанымыздай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Al Saqr Finance Компаниясы және «Уақып» қоры бірлесе жүзеге асырған жоба аясында жұма уағызы орыс және ағылшын тілдеріне синхронды түрде бірден аударылып отырды.

Бас мешіт мінберіне көтерілген белгілі ғалым Арман Қуанышбаев ағамыздың уағызын бұл күні орыстілді жамағат та онлайн трансляция арқасында ұғына тыңдап, қажетті ақпаратқа қол жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі жұма уағызы «Бүліктің (фитнаның) қоғамға зардабы» тақырыбына арналған болатын.

Ескерте кетейік, ақжолтай жоба алдағы уақытта тұрақты түрде жұмыс жасайтын болмақ. Әр жұма күні сағат 13.00 мен 13.30 аралығында www.alsaqr.kz сайтына кіріп, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма уағызын үш тілде тыңдай аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру