Бас мүфти Біріккен араб әмірліктері елшісімен сұхбаттасты (ФОТО)

29 маусым 2018 7768 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Жабермен кездесті.

Ресми кездесуде Бас мүфти мен Елші екі елдің рухани-мәдени саладағы әріптестік қарым-қатынасы, Астанада әр 3 жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының кезекті съезі, жаһандық діни ахуал, мұсылман үмбетінің бірлігін нығайту, т.б. мәселелер жөнінде пікір алысты. Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Жабер еліміздің рухани-мәдени саладағы бастамалары жайлы оң пікірін білдірді.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өз кезегінде мүфтияттың ұйымдастыруымен өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының бірінші форумы жайлы баяндап, аталған халықаралық басқосудың мән-маңызына тоқталды.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы Елшіге «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын сыйға тартты.

muftyat.kz

Пікірлер Кіру