Бірінші наиб мүфти «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ Президиум төрағасын қабылдады (ФОТО)

16 қараша 2018 6746 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің президиум төрағасы Оразбаев Аманжол Зейноллаұлын қабылдады.

Қасиетті жұма күні өткен кездесу аясында қос тарап арасындағы әріптестік ынтымақтастықты дамытып, жат ағымның алдын алу шараларына байланысты ортақ жұмыс жоспары талқыланды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басымдық берген төрт бағыттарының бірі – теріс ағымдармен күрес шаралары бойынша ұсыныстар айтылып, пікір алмасты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру