Катар әмірі Ердоғанға $500 миллиондық ұшақ тарту етті

19 қыркүйек 2018 6225 0
Оқу режимі

Катар әмірі Тамим бин Хамад әл-Тани Түркия мемлекетіне құны 500 млн доллар болатын люкс санатты Boeing 747-8 ұшағын сыйға тарту етті. Бұл жайындағы мәліметті Түркия президенті Реджеп Ердоған растап отыр.

Түркиялық «Sabah» газеті Реджеп Ердоғанның осы жайындағы сұхбатын келтіреді: «Құны 500 млн долларға бағаланған бұл ұшақ сатылымға шығарылғанда біз қызығушылық танытқан болатынбыз. Бұны естіген Катар әмірі оны бізге сыйға тартуды жөн санаған. Жеке маған емес, Түркия мемлекетіне. Қазіргі уақытта ұшақты бояу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Боялып біткен соң, ұшақ әуе саяхаттарына пайдалануға толығымен әзір».

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру