Наиб мүфти Шымкенттің жаңа өкіл имамын таныстырды (ФОТО)

11 тамыз 2018 8073 0
Оқу режимі

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов Шымкент қаласына арнайы келді.

Іс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы қызметінен босатылып,  Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы болып тағайындалды. Тағайындау рәсіміне ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов арнайы қатысып, таныстырды.

Сондай-ақ, наиб мүфти Шымкент қаласының орталық мешітінде жұма намазын жүргізіп,  еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігі үшін дұға етіп, бата берді.

 

Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы

1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

1992 жылы Өзбекстан Республикасы Әндіжан қаласы «Сайд Мухиддин Махдум» медресесінде білім алған;

1996 жылы Ташкент қаласындағы «Имам Бухари ислам институтының» «Исламтанушы», «Имам хатиб», «Араб тілі мұғалімі» біліктіліктері берілді;

2012 жылы «Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университеті» «Философия және саясаттану» факультетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистранты;

Диссертация тақырыбы: «Жеке тұлғаның қалыптасуындағы исламның моральдық маңызы»;

2016 жылы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты;

Диссертация тақырыбы: «Қазақстандағы ислами білім: тарихы, қазіргі күйі және даму келешегі»

Жұмыс тәжірибесі:

1996-1998 ж. ОҚО Сарыағаш ауданы, Түмен ата мешітінің бас имамы;

1998-2003 ж. ОҚО Сарыағаш ауданы, М.П.Окороков атындағы орта мектептің араб тілі мұғалімі;

2003-2005 ж. ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бөлімінің референті;

2005 ж. Алматы қаласы, Нұр Мүбарак мешітінің Бас имамы;

2005 ж. Сәуір айынан Астана қаласы С.Ғылмани мешітінің Бас имамы;

2013 ж. Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы.

2014 ж.  ҚМДБ-ның діни білім және ғылым (қазіргі таңда діни білім және кадр дайындау) бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылдың 02 шілдесіне дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы,  облыстық орталық мешітінің бас имамы.

2018 жылдың 02 шілдесінен бастап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы,  орталық мешітінің бас имамы.

Біліктілікті арттыру курстары:

«Білім мен біліктілікті жетілдіру курсы» (ҚМДБ, Астана қаласының өкілдігі, 2012), «Зайырлы мемлекет және дін» (Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2012), «Біліктілікті арттыру курсы», (Алматы қаласы, «Нұр-Мүбарак» университеті, 2014), «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа форматтағы педагогі» тақырыбындағы оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы (Астана қаласы, 2017).

Еңбектері:

Мұхаммад Ашиқ әл-Барна. Тасхил әд-Дарури (Шариғат мәселелері) кітабының араб тілінен аудармасы, 2005 ж.;

«Рухтың шамшырағы» имамдарға арналған жұма уағыздарының жинағы, 2008 ж.;

«Ислам ақидасы» діни оқу орындарына арналған оқулық, 2011ж;

Ортағасырлық араб-мұсылман ғалымы Әбу Хамид әл-Ғазалидің шығармаларындағы «Көркем мінез» мәселесі. – Астана, 2011ж: «Ғылым және білім ғасыры» атты ғылыми жұрналы;

«Құрандағы мораль мәселесі» – Астана, 2012ж. «Зерттеуші» ғылыми жұрналы;

ҚР БҒМ 2015 жылғы тамыздағы № 3 хаттамасымен бекітіліп, ҚМДБ оқу орындарында қолданысқа енгізілген «0112000–ИСЛАМТАНУ» мамандығы бойынша Техникалық және кәсіптік білімнің эксприменттік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларының авторы;

ҚР БҒМ 2018-2019 оқу жылы ҚМДБ оқу орындарында қолданысқа арналған «0112000–ИСЛАМТАНУ» мамандығы бойынша Техникалық және кәсіптік білімнің типтік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларының Бас сарапшысы;

100-ге жуық әртүрлі діни-ағартушылық,танымдық тақырыптағы мақалалардың авторы. 

Пікірлер Кіру