Суық күнде ғұсыл алмаса бола ма?

12 қаңтар 2021 9264 0
Оқу режимі

Ассалаумалейкүм! Қазір күн суыды. Су да суық, арнайы жуыну орындары болмаса ғұсыл алу қиынға соғып жүр.(Моншаға баруға қаражат жеткіліксіз). Тәямүм соғайын десем, салқын су бар. Алдыңғылар осындай жолдардан қалай шықты екен. Марат Ержігітов


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Суды жылытатын зат болмай, суық күйінше қолданудың зияны тиюінен қауіптенген адамға таяммум соғуға рұқсат етіледі. Ханафи мазһабы бойынша мұндай жағдайда дәреттің емес, тек ғұсылдың орнына ғана таяммум алуға рұқсат. Тіпті, жолаушы болмаса да. Егер оның моншаға баратын қаражаты немесе суды жылытатын заты болмаса[1].

Сахаба Жабир (р.а.) мына әңгімені баяндайды: Біз сапарға шыққан болатынбыз. Арамыздағы бір кісінің басына тас тиіп, жарақат алды. Ол таңертең тұрса жүніп болып қалып: «Менің таямум алуымды жөн санайсыңдар ма?», - деп сұрайды. Жолдастары: «Жоқ, рұқсат жоқ деп ойлаймыз. Өйткені, су қол астыңда тұр», - дейді. Ол кісі ғұсыл құйынып (сырқаты асқынып) қайтыс болады.

Біз сапардан қайта оралғасын Алла елшісінің (с.ғ.с.) құзырына барып, болған мән-жайдан хабардар еттік. Сонда ол кісі: «О, Алла! Оны өлтірген екенсіңдер! Білмесеңдер, сұрамайсыңдар ма? Білмегеннің дауасы – жөн сұрау. Расында, ол кісіге таяммум етіп, жарақатын таңып, денесінің өзге мүшесін жууға болар еді[2]», – деп айтқан.

Руслан Камбаров


[1] У.Зуһайли, Ислам фиқһ энциклопедиясы, 1-том, 494-бет
[2] Әбу Дауд, Дарақутни

 

Пікірлер Кіру