Ескі оразадан қарызы бар адам не істейді?

12 сәуір 2021 9317 0
Оқу режимі

Сәлеметсіздер ме?.. Естуімше ораза айында жіберілген қарыз күндерді келесі ораза айы келмейінше өтеу қажет екен. Менің алдыңғы жылғы оразадан қалып қойған (белгілі бір себепті) қарыздарым бар. Соны осы келе жатқан рамазан айында қосып  ұстасам бола ма? Өтелінбей қалған жағдайда нендей жағдайлармен қарыздарымнан құтылсам болады екен? Жазасы не? Айтуова Азиза


Жауап

Сәлеметсіз бе, Азиза! Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан рамазанға дейін өтеу шарт емес. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін»[1], – дей отырып, қаза ету уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр. Сондықтан да, келесі рамазан айына дейін өтеу міндет емес. Десек те, оразаның қазасын тездетіп келесі оразаға дейін өтеп тастағаныңыз абзал[2].

Ал Рамазанға дейін өтеп үлгермейтін болсаңыз, онда оны рамазаннан кейін де өтей аласыз. Кейбіреулер «өткен оразалардың қазасын алдағы Рамазанның оразасымен қатар ниет етіп өтеуге бола ма?» деген де сұрақ қойып жатады. Дінде бұған рұқсат жоқ. Қазаға ораза жеке ұсталады.

 


[1] Бақара сүресі, 185-аят.
[2] Бахрур Раиқ – 2/499-бет.

Пікірлер Кіру