Екінтіден бұрын оқылатын сүннет намазының артықшылығы қандай?

12 маусым 2021 8983 0
Оқу режимі

Екінтіден бұрын оқылатын сүннет намазының артықшылығы қандай?


Жауап

Бес уақыт парыз және бекітілген сүннет намаздарынан тыс нәпіл намаздары бар. Соның бірі екінті намазының бұрын оқылатын нәпіл намазы. Бұл намаздың артықшылығы жөнінде Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

رحم الله إمرأ صلى قبل العصر أربعا

«Екінтіден бұрын төрт ракағат оқыған пендені, Алла мейріміне бөлесін!»[1].  

من صلى قبل العصر أربعا حرمه الله على النار

«Кімде кім Екінтіден алдын төрт ракағат оқыса, Алла оны тозақ отына харам етеді»[2].

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл намазды төрт немесе екі ракағат оқығандығы туралы деректер келген[3].

Жоғарыдағы хадистерді негізге ала отырып Ханафи мәзһабының ғұламалары екінтіден бұрын нәпіл намазын оқу мустахаб деген[4]. Бұл намазды екі немесе төрт ракағат етіп оқуға да болады[5].

Имам Тахтауи мустахаб терминің былай деп түсіндіреді: ««Мустахаб», «мандуб», «мурағғаб фихи», «хасан» барлығы бір мағынаны білдіретін сөздер (синониум). Яғни, дініміз міндет етпесе де, алайда атқарылуы ұнамды іс болып  табылатын ам алды мустахаб деп атаймыз»[6].

Қорытындылай келе, екінті намазынан алдын екі немесе төрт ракағат оқу – мустахаб. Бұл намазды оқыған адам Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты ме сәлемі болсын) хадисінде айтылғандай Алланың мейіріміне бөленеді. 

 


[1] Тирмизи, №1271.

[2] Табарани жеткізген хадис.

[3] Әбу Дәуіт риуаят еткен.

[4] Құдури, 131.

[5] Хашияту ибн Абидин, 1/452.

[6] Хашияту Тахтауи аля Мароқил-Фалях, 1/530.

Автор: Дарханұлы Тамирлан / «Әзірет-Сұлтан мешітінің наиб имамы

Пікірлер Кіру