Қағба, мешіт бейнесі бар жайнамазды басуға бола ма?

17 мамыр 2022 7933 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Сіздерден сұрайын дегенім, Қағба, мешіт бейнесі бар жайнамазды басып жүре беруге бола ма?


Жауап

Уағалейкумассалам!

Кағба, мешіт сияқты дініміздің нышаны саналатын суреттерді баспаған дұрыс. Себебі Алла Тағала былай дейді:

ذَٰلِكَ وَمَن يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقْوَى الْقُلُوبِ

«Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, күдіксіз ол – жүректің тақуалығынан»[1].

Ал, бұндай бейнелерді дінімізді келемеждеу мақсатымен немесе жек көрген себепті әдейі басқан адамның жағдайы - өте қауіпті. Сол уақытта иманынан айрылуы әбден мүмкін.

لَئِن سَأَلْتَهُمْ لَيَقُولُنَّ إِنَّمَا كُنَّا نَخُوضُ وَنَلْعَبُۚ قُلْ أَبِاللَّـهِ وَآيَاتِهِ وَرَسُولِهِ كُنتُمْ تَسْتَهْزِئُونَ

لَا تَعْتَذِرُوا قَدْ كَفَرْتُم بَعْدَ إِيمَانِكُمْۚ

«Егер олардан сұрасаң: «Әрине, біз әншейін сөзге кірісіп, ойнап едік», – дейді. Оларға: «Алламен аяттарымен және Елшісімен қалжақтаған болдыңдар ма?»- де. Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін күпірлік еттіндер[2].

Қорытынды: Діни қасиетті заттардың бейнесін, ондай жайнамаздарды басқа кілемдердің үстіне жүріп өтетініміздей басып кету - ұнамсыз іс болып танылады. Ал ондай бейнелерді мазақ етіп басу – діннен шығаруы ықтимал. Сондықтан мұсылман адам ондай әрекеттерден аулақ жүруі тиіс. Дұрысы Аллаға мәлім!

Дарханұлы Тамирлан
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
пәтуаға жауапты маман

 


[1] «Хаж» сүресі, 32 аят.
[2] «Тәубе» сүресі, 65-66 аяттар.

Автор: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру