Мұсылман емес адамға садақа беруге бола ма?

24 қаңтар 2023 4634 0
Оқу режимі

Әссәләму ғәләйкум! Мұсылман емес адамға көмектесуге, садақа беруге бола ма? Сол жөнінде айтып кетсеңіздер екен


Жауап

Алланың құлдарына мейірімділік таныту – Исламның маңызды саналған істерінің бірі. Пайғамбар Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға мейірімді болған адамға Алла да мейірімді екенін айтады (Тирмизи, Әбу Дауд). Біздің мақсатымыз – Алланың разылығына бөлену, сондықтан біз Алланың кез келген жаратылысына мейіріммен қарауымыз керек.

Алла Тағала Құран Кәрімде «Тәубе» сүресінің 60-аятында:

«Зекет-садақалар тек қолы қысқа пақырларға, мұқтаждарға, зекет жинау міндетін атқарушы қызметкерлерге, қарызға батқандарға, Алла жолында жүргендерге және елінен жырақта жүрген немесе жолда қалған жолаушыларға арналады. Алланың парыз еткен кесімді үкімі осы. Алла – Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі)» дейді.

Садақа мұсылман емес адамды ислам діінің көркемдігін көрсету немесе исламды жаңа ғана қабылдаған адамды қолдау мақсатында беріледі.

Ибн Аббастың айтуынша Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына аят түспейінше мұсылмандардан басқа адамдарға садақа беруге тыйым салған: «(Уа, Мұхаммед! Осынау үкімдерді адамдарға жеткізу тікелей міндетің болғанымен) оларды (жаппай) тура жолға салу сенің міндетің емес. Алла қалағанына ғана тура жолға түсуді нәсіп етеді. (Міне, сондықтан істеген жақсылықтарыңды міндетсінбеңдер, өйткені) қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, өздерің үшін (яғни пайдасы мен сауабы өздеріңе тиеді). Сендер онсыз да (мүмін ретінде) не берсеңдер де, тек бір Алланың разылығына бөлену үшін бересіңдер. Игі жолда не сарп етсеңдер де, сауабын толық аласыңдар және әсте әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (ақыларыңды ешкім жемейді)» («Бақара» сүрес, 2-аят). Осыдан кейін ол(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  қай дін өкілі болса да сұраған адамға садақа беруді бұйырды».

Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мединада болғанда, Мекке қаласында аштық жүріп жатты. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеге 500 динар жіберіп, Әбу Суфян мен Сафван ибн Умайға барлық мұсылмандармен қоса пұтқа табынушыларға да бұл ақшадан таратуды жүктеді.

Сонымен, мұсылман емес адамға оның Хақ дінге жақындауы үшін, сондай-ақ, Ислам дінінің көркемдігін көрсету мақсатында жомарттық танытуға болады. Алайда, садақаны алушының  мұсылмандарға қастандық жасамауы және алған садақасын жаман іс-әрекеттерді жүзеге асыруға пайдаланбауы маңызды.

Алайда, бұл үкім өз еркімен берілетін садақаға ғана жүреді. Парыз етілген зекет тек мұсылмандарға беріледі.

Тегтер: садақа зекет
Пікірлер Кіру