Жетісін, қырқын, жылын өткізу шариғатта бар ма?

31 қаңтар 2023 7298 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкуи! Адам қайтыс болғаннан кейін жетісін, қырқын және жылын беру шариғатта бар нәрсе ме? Діни кітаптардан кездестірмедім. Оны өткізу шариғатқа қайшы емес пе?

 


Жауап

Ас беру шариғатымыздың міндетті түрде атқарылуы тиіс парыз амалдарына жатпайды. Яғни, жасалмаған жағдайда ешбір адам күнәһар болмайды. Бірақ жалпы алғанда жұртқа тамақ таратудың сауапты іс екенін хадистерден және кейбір Құран аяттарынан байқаймыз. Сондықтан, жетісі, қырқы, жылы деп нақты күндерді санап жатпай-ақ, кез келген күні сауабын қайтыс болған кісіге бағыштап жоқ-жітіктерге, мұқтаж жандарға тамақ таратып, ас беру абзал. Ал мұқтаж жандар қатарына жатпаса да туған-туыс, жора-жолдастарын жинап ас беруге де шариғат қарсы емес.

Жетісі, қырқы және жылы шариғатта белгіленбегендіктен оны тек рәміздік атау ретінде ғана орындаса болады. Сондай-ақ, «жетісінде мәйіт ісінеді, қырқында бүйтеді, ал елу екінші күні еті мен сүйегі ажырағанда мәйіт қатты қиналады. Сондықтан ас беріп, дұға жасау керек екен» деген таяз түсініктердің исламда ешбір негізі жоқ.

Дінімізде міндетті түрде қарызданып немесе өзіңе қажетті қаржыңды жұмсап өлі атынан үлкен мал сойып, садақа бер деген үкім жоқ. Ас ысырапқа жол берілместен атқарылуы тиіс.

fatua.kz

Пікірлер Кіру