ОРАЗАНЫ АРЫҚТАУ, ЯКИ КӨППЕН БІРГЕ ҰСТАЙ САЛАЙЫН ДЕП ҰСТАУҒА БОЛА МА?
24 наурыз 2023
4068
0
Оқу режимі
:Оразаны арықтау, яки көппен бірге ұстай салайын деп ұстауға бола ма?
Жауап
Оразаны тек арықтау үшін немесе денсаулығым жақсарсын деп, яки көппен бірге ұстау дұрыс емес. Әуелі ниетті түзеп, бір Алланың ризалығы және парыз болғандығы үшін ұстайды. Сонда Алланың разылығын да алады, денсаулығына да оң әсері тиеді. Кез-келген құлшылықтың қабыл болуы ниетке байланысты. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисте: «Амалдардың барлығы ниетке байланысты», – деген. Олай болса біздің Рамазан айында жасаған құлшылықтарымыз да ниетімізге байланысты мың құлшылыққа пара-пар болмақ. Кім қандай ғибадат жасаса да, оны шын ықыласпен орындауы тиіс. Әйтпесе, жасаған құлшылықтан еш пайда болмайды.
Пікірлер
Кіру