Қадір түнінде ұйықтамау шарт па?

16 сәуір 2023 4556 0
Оқу режимі

Қадір түнін ұйықтамай күту міндетті ме?


Жауап

Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес. Себебі Айша анамыз:

ولا قام ليلة حتى أصبح

 

«(Алла Елшісі) таң атқанша түнді (барлық бөлігін) намазбен өткізген емес»[1], – дейді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:

إن هذا الشهر قد حضركم، وفيه ليلة خير من ألف شهر، من حرمها فقد حرم الخير كله، ولا يحرم خيرها إلا محروم 

«Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр қалады»[2], – деген.

Сондықтан мұсылман адам барынша осы түнді құлшылықпен өткізіп, сауаптан құр қалмауға тырысуы қажет. Ал шаршаса кішкене тынығып, кейін ары қарай құлшылығын жалғастырудың оқасы жоқ.

 

«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан

 

[1] Имам Нәсәи, №2347.

[2] Ибн Мәжә, №1649.

Пікірлер Кіру