ИСЛАМДА МҮШЕЛ ЖАС БАР МА?

04 шілде 2024 2324 0
Оқу режимі

Сұрақ: Исламда мүшел жас деген түсінік бар ма? Мүшел жасқа келгенде құрбан шалып, құран оқыту міндет пе?


Жауап

 Жауап: Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Яғни көнеден келе жатқан қазақша жыл санау. Жыл санау тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп он екі жылды құрайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуын алғашқы мүшелі деп санайды. Мүшел жас әр 12 жыл сайын есептеліп толып отырады.

1-ші мүшел – 13 жас (ер жете бастау);

2-ші мүшел – 25 жас (жігіттік жас); 3-ші мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату);

4-ші мүшел – 49 жас (орта жас, кемелдену);

 5-ші мүшел – 61 жас (орта жас);

 6-шы мүшел – 73 жас (қарттық);

7-ші мүшел – 85 жас (кәрілік);

8-ші мүшел – 97 жас (қалжырау);

9-шы мүшел – 109 жас (шөпшек сүю);

Дәстүрлі ислам бойынша мүшел жаспен есептеу шариғатқа қайшы емес. Әдетте мүшел жасқа толған адам бағалы заттарын сыйға тарту керек, бірақ шариғатта сыйлық бермесең, қауіп-қатер келеді деген түсінік жоқ. Аллаға шүкіршілік етіп, өмірімізді ұзартуын тілеп, басқа да апаттардан сақтасын деген мақсатта садақа бергеннің оқасы жоқ. Мұсылманның берген садақасы өмірін ұзартып, жамандықтан қайтарады. Ал мал сойғаннен кейін немесе күнделікті астан кейін, Фатиха сүресінен кейін білетін қысқа сүрелер мен аяттарды оқып дұға жасауға болады.

Икрам АЙТАЕВ

Автор: Қожанов Қасым

Пікірлер Кіру