Дінімізде қоян еті адал ма?

01 ақпан 2019 16423 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Осы қоянның етін жейтіндерді естуші едім. Шариғатта қоянның еті адал ма?


Жауап

Уалейкум салам! Шариғатымыз бойынша қоян еті желінетін әрі мұсылмандарға халал етілген жануарлардан. Имам Бухари және Муслимнің жеткізген хадисінде: "Әнәс ибн Мәлик қоян аулап алады да Әбу Талхаға береді. Ол қоянды сойып, оның етінен Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деп, арнайы сан етін жамбасымен бірге апарып береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны қабылдады" делінеді[1].

Мухаммед ибн Сафуаннан риуаят етілген хадисте: «Екі қоян ұстап алып, өткір таспен сойдым. Сосын пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қоян етінің желініп-желінбейтіндігі жайлы сұраған едім, жей беруімізді бұйырды», – дейді»[2].

Әйгілі ғұлама имам ән-Нәуәуи: «Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас және Ибн Әби Ләйлә қоян етін мәкруһ/жағымсыз санады. Басқа ғұламалардың баршасы қоян етін таза әрі адал деген көзқарастарын білдірген. Атап айтсақ имам Мәлик, Әбу Ханифа, Шәфиғи, Ахмед ибн Хәнбәл т.б.» дейді[3].

Ғазиз Ахмет

 


[1] Бұхари, 5535; Муслим, 1953.
[2] Мәусуғатул-Фиқһия, 5-том, 134-бет.
[3] Шарху Муслим лин-Нәуәуи

Пікірлер Кіру