Ғұсылсыз адамның үйіне періште кіре ма?

20 ақпан 2019 14256 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Ғұсылы жоқ адамның үйіне періште кірмейді деген сөзді естігенім бар. Бұл қаншалықты дұрыс, әлде тазалыққа шақырған қатаң сөз бе? Алдын ала рахмет. Самат.


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Әли бин Әбу Талиб (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Періште сурет, ит бар және жүніп бар (ғұсылсыз адам) үйге кірмейді[1]», - делінген.

Бұл хадистегі «ғұсылсыз адам» деп бой дәрет алуға асықпайтын және немқұрайлы қараған адам меңзелуде. Аталмыш хадис түсіндірмесінде: «Періште кірмейді» деп мейірімділік пен берекет періштелері кірмейді, алайда амал жазушы періштелер ғұсылсыз және басқа да адамнан бір елі қалмайды. Ал, жүніп адам ғұсылға немқұрайлы қарап әдетте орындамайтын адам. Бұған намаз уақытына дейін ғұсыл құйынбаған адам жатпайды[2]»,-деген.

Қорыта айтқанда, намазды кешіктіруге себеп болатындай ғұсыл құйынуды созуға тыйым салынады. Сондықтан, мейірімділік пен берекет періштелері шаңыраққа кірмеуіне алып келетіндей бой дәретсіз жүрмеу керек.


[1] Әбу Дәуіт, Нәсаи

[2] Хашиат Сунән Нәсаи

Тегтер: ғұсыл дәрет
Пікірлер Кіру