Планшеттен оқыған құранның сауабы бар ма?

22 шілде 2019 8874 0
Оқу режимі

Ассаламуғалейкум! Құран Кәрімді дәретсіз планшет немесе телефон сияқты электронды құрылғыдан оқыса сауабы бола ма?


Жауап

Уағалейкум ассалам!

Құран Кәрімде: «Оны (Құранды) тазаланғандар ғана ұстайды[1]», - деп дәретсіз Құран кітабын ұстауға болмайтындығы айтылған. Дегенмен, телефон, планшет және компьютер сияқты электронды құрылғыдағы Құран Кәрім шынайы парақтан жасалмағандықтан, оны дәретсіз қолға алып оқуға рұқсат етіледі. Бұған қоса: «Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса, сол үшін бір сауап бар. Ал, сауап он есе көбейеді. Мен «Әлиф Ләм Мим» бір әріп деп айтпаймын. Алиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп[2]» деген хадис негізінде Құран аяттары мен сүрелерін тілімен оқығандықтан әрбір әріпі үшін сауабы бар.

Ал, енді Құран кітабын қолға алып оқыса, жай тілмен оқығаннан қарағанда сауабы еселене түседі. Өйткені, мұнда тілден бөлек басқа да сезім мүшелері ортақтасады. Көзбен Құран аяттарына қараумен және қолмен Құран парақтарын ұстау - жай тілмен оқудан қарағанда еселенеді[3].


[1] «Уақиға» сүресі, 79-аят
[2] Тирмизи
[3] Дәрул Ифта

Руслан Камбаров

Пікірлер Кіру