Намазда жыласа, не болады?
02 қыркүйек 2019
19035
0
Оқу режимі
Намаз оқып жатқан кезде жыласа, намаз бұзыла ма? Бекжан
Жауап
Намаз оқып тұрғанда жылау мәселесін қысқаша бірнеше бөлікке бөліп қарастыруға болады:
- Алладан қорқып немесе жұмақ-тозақты ойлағандықтан, күнәсіне тәубе етіп жыласа, намазы бұзылмайды.
- Басқа түскен қиындық әсерінен әріптері белгілі болатындай дауыстап жыласа, намазы бұзылады, дәреті емес. Мысалы, «ой», «ммм» т.б.
- Дене жарақаты себепті ауырсынып, «аһылеп, уһылеп» немесе ыңырсып дауыстап жыласа, намазы бұзылады (дәрет бұзылмайды). Ал, еріксіз ыңырсып, өз-өзін ұстай алмай ауырсынып «аһылесе», намазы бұзылмайды.
- Кез келген себеп әсерінен (мейлі қиындық әсерінен, сырқаты себепті, т.б) сыртқа дауысын шығармай, тек іштей көзінен жас шығарып жыласа, намаз бұзылмайды[1].
Пікірлер
Кіру