Абайдың 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялаyды

17 маусым 2019 5208 0
Оқу режимі

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұлы ақын, жазушы ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай телехикая түсіреді. Осыған байланысты, телехикаяның сценарлық идеясына байқау жариялайды.

Байқауға қатысу үшін орындаушы компания - идея, синопсис, сондай-ақ, концепция ұсынуы шарт. Ұсыныстар тарихи фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндіктері жоғары компаниялардан ғана қабылданады», - делінген баспасөз баянында.

Байқауға өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 1 тамызына дейін жүргізіледі. Ұсыныстар kaztrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Дереккөз: Қазақпарат

Пікірлер Кіру