«Әл-Фараби» мешітіне жаңа азаншы тағайындалды (ФОТО)

04 наурыз 2022 4085 0
Оқу режимі

Бүгін,  қасиетті жұма күні «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне жаңа азаншы тағайындалды. Бас имам Нұрлан Рамазанов жұма намазына жиылған жамағатқа жаңа азаншы Аманжолов Алтынбек Аманжолұлы таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, бұған дейін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің азаншысы қызметін абыроймен атқарып келген қари Хадиршаев Салман Абдулхафизұлына мешіт ұжымы атынан құрметпен шапан жауып, алғыс айтып, сый-сияпат жасады.

Аманжолов Алтынбек Аманжолұлы 26 қазан 1992 жылы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданында дүниеге келген.

2013-2016 жж. «Астана» медресесін, 2017-2020 жж. Түркия мемлекеті «Хасеки» университетін тәмамдаған.

2016-2017 жж. Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітінде азаншы, 2020-2021 жж. наиб имам қызметін атқарған. 

2021 жылдан бастап Целиноград ауданы, Қараөткел ауылындағы «Қажы Рафия Ана» мешітінде наиб имам қызметін атқарып келген.

040322 Azanshy 2

040322 Azanshy 3

040322 Azanshy 4

040322 Azanshy 5

Пікірлер Кіру