«ӘЛ-ФАТТАХ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

25 наурыз 2023 2442 0
Оқу режимі

Жақында ғана Елорда жамағатына есігін айқара ашқан «Әл Фаттах» мешітінің қызметкерлер құрамы күн санап білікті мамандармен толығу үстінде. Жұма күні Астана қаласындағы он төртінші құлшылық ордасына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа наиб имам тағайындалды.

Жұма намазына жиылған жамағатқа «Әл Фаттах» мешітінің бас имамы Бағдат Абдукаримов Бас мүфти бұйрығын оқып беріп, жаңа наиб имам Өткелбаев Бақытжан Мүптиәділұлын таныстырып өтті. Асыл дініміздің жолында аянбай қызмет етудің сауапты һәм жауапты мамандық екенін еске салған Бағдат Абдукаримов Бақытжан ұстаздың білікті маман екенін атап өтті. Сондай-ақ, жаңа ашылған құлшылық ордасының жұмысын жандандыруға үндеді. Елордада жалғасқан еңбек жолының жемісті болуын тілеп, жаңа қызметіне сәтттілік тіледі.

Өткелбаев Бақытжан Мүптиәділұлы 1980 жылы 14 наурызда  ҚР Түркістан облысы, Шардара ауданы, Достық елді-мекенінде дүниеге келген.

БІЛІМІ: Жоғары, дінтану магистрі

ЕҢБЕК ЖОЛЫ: 2002-2005 жж. «Халықаралық қазақ-араб» университетінде оқытушы.
2005-2006    жж. Алматы қаласындағы №139 мектеп-гимназияда мұғалім. 
2006-2007 жж. Республикалық «Рахмет самалы» діни танымдық, тарихи-мәдени журналда жауапты редактордың орынбасары.
2007-2009 жж. ҚМДБ-ның «Шымкент» медресесінің директор орынбасары.
2009-2012 жж. ҚМДБ-ның «Астана» медресесінің директор орынбасары, оқу бөлімінің меңгерушісі. 
2012 жылдың шілдесінен бастап қазіргі қызметіне  дейін ҚМДБ-ның «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам қызметінде болды.
Орталық мешітте Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, БАҚ бағыттарына жауапты. 
2015 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған Жергілікті ақпараттық-түсіндіру тобының (ЖАТТ) мүшесі.
2016 жылдан бастап ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру