Алкоголь мен шошқа етіне 100% салық бекітілді

24 маусым 2019 5217 0
Оқу режимі

Оман әмірлігінде 15-маусымнан бастап табак өнімдері, алкоголь және шошқа етіне 100 пайыздық салық салу жайында заң қабылданды. Бұған қоса, энергетикалық және газдалған сусындарға салынатын салық көлемі де 50 пайызға көтерілетін болмақ. Бұл жайында әмірліктінің Салық жөніндегі Бас секретариаты мәлімдеме жасады.

Бұл салықтарды енгізу әмірлік қазынасына жылына 100 млн риал ($260 млн) кіріс кіргізетін көрінеді. Бұл турасында 2018 жылдың қарашасында Экономика-қаржылық комитет басшысы Салех бин Саид Масан мәлімдеген болатын. Дегенмен, Оман басшылығы бұл шешімді қабылдауды жарты жылға кешеуілдетіп келді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру