Алкогольден жылына 3 миллион адам көз жұмады

26 қыркүйек 2018 6139 0
Оқу режимі

Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының (БСҰ) мамандары әлем бойынша өлім көрсеткішінің басты себептерінің бірі ретінде алкогольді ішімдіктерді атап отыр. Бұл жайында ұйымның MedicalXpress жолдаған баспасөз парағында жарияланған екен.

БСҰ мәлметі бойынша, 2016 жылы ішімдік салдарынан әлемде 3 млн жан (бүкіл өлімнің 5,3 пайызы) көз жұмған. Бұл көрсеткіш, тіпті, СПИД ауруы, зорлық-зомбылық және жол апатынан қайтыс болғандардың көрсеткішінен де асып түскен. Тағы бір алаңдататыны – 20 мен 29 жастағылар арасындағы өлім көрсеткіші тіптен асқына түседі: бүкіл өлімнің 13,5 пайызы.

Сондай-ақ, әлем бойынша 20 өлімнің біреуі мас күйде көлік жүргізу немесе спиртті ішімдік кесірінен пайда болған ауруға байланысты орын алып тұрады екен. Тағы бір жанама кесірі – салынып ішкен адамның денсаулығы да сыр беріп, ВИЧ, туберкулез сынды жұқпалы ауруларға қарсы тұру иммуниеті әлсірей бастайтын болады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру