Алматы өңірінде қос қайырымдылық мекемесі ашылды (ФОТО)

14 ақпан 2020 743 0
Оқу режимі

Алматы өңірінің Қарасай және Іле аудандарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының екі қайырымдылық мекемесі ашылды.

Салтанатты шараға ҚМДБ-ның Қайырымдылық және уахып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы, қала-аудан діни қызметкерлері және мешіт жамағаты қатысты.

Іс-шарада алғы сөз алған Камалжан Бекбосынұлы жиналған қауымға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, діни басқарманың сан-салалы қызметі аясында негізгі төрт бағыт бойынша жұмыстарға басымдық берілетінін, соның бірі қайырымдылық екенін де тілге тиек етті.

Қайырымдылық мекемесін ашудағы мақсат өскелең ұрпақты имандылық пен адамгершілікке, ғылым мен өнерге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық салт-дәстүрге сай тәрбиелеу, діни-ағарту жұмыстарын жүргізіп, Ислам негіздерін үйрету, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік-рухани көмек көрсету, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру екенін атап өтті. Сондай-ақ айырымдылық мекемелерінің лентасы қиылып, шәкірттерге ғибратты уағыз-насихат айтылды. 

 

Дереккөз: Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру